Капчаларды онлайн айырып тану

2captcha.com - капчаларды қолмен айырып тану жөніндегі автоматтандырылған сервис.
Капчалар дегеніміз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін мәтінді енгізуді немесе дұрыс бейнелерді таңдауды қажет ететін суреттер. 2captcha-да нақты уақыт режимінде көптеген капчаларды айырып тануды қажет ететін тапсырыс берушілер және капчаларды енгізу арқылы ақша табатын жұмыскерлер кездеседі.
2captcha қазіргі уақытта бар кез келген капчаларды айырып тани алады. ReCaptcha v2-ні де, Asirra-ны да, және тек суреттен мәтінді енгізу қажет түрлерін де. Бізде минутына 10 мыңға дейінгі капчаны айырып тануға қабілетті көптеген тұрақты онлайн жұмыскерлер бар (егер жүктеме біртіндеп жоғарыласа, одан көбірек айырып тани аламыз)
2captcha бұл Сіздің интернеттегі ең бірінші жұмысыңыз. Ия, мұнда табыс өте көп және үнемі электр және интернет шығындарын өтей алмаса да, Сіз сөзсіз атқара аласыз
2капча сервисі қалай жұмыс істейді?
Нақты уақыт режимінде көптеген капчаларды айырып тануды қажет ететін тапсырыс берушілер болады, олар капчаларды сервиске жүктейді, капчаларды айырып танитын жұмыскерлер болады, олар өздерінің компьютерлерінің алдында отырып, айырып тануға капчалардың келіп түсуін күтеді, ал сервис тапсырыс берушілерден жұмыскерлерге капчалардың жіберілуін және жұмыскерлерден тапсырыс берушілерге жауаптардың жеткізілуін жүзеге асырады.
Бұл қалай болады
1. Жұмыскер капчаны сұратады, егер бос капчалар болмаса, жұмыскер капчаны алу үшін кезекке тұрады
2. Тапсырыс беруші капчаны сервиске жүктейді
3. Біз капчаға бірегей ID береміз, оны тапсырыс берушіге хабарлап, оның балансынан осы капчаны айырып тану үшін соманы есептен шығарамыз
4. Біз бұл капчаны кезектің басында тұрған жұмыскерге (капчаны алу үшін кезекте бәрінен ұзақ күтіп тұрған адамға) тағайындаймыз
5. Жұмыскер дереу капчаны шешіп, бізге жауабын жолдайды
6. Біз жауапты дерекқорда сақтаймыз және жұмыскердің балансына айырып тану үшін қаражат аударамыз
7. Тапсырыс беруші серверге капчаның ID арқылы жүгінген кезде, біз оған осы капча бойынша жауапты береміз (егер жауап әзірге дайын болмаса, бірнеше секунд күте тұру қажеттілігін хабарлаймыз)
8. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда, тапсырыс беруші дұрыс емес айырып тануға шағым жасайды және жауап рейтингі жоғары жұмыскерлермен қайта қаралады, нәтижесі бойынша тапсырыс берушінің немесе жұмыскердің пайдасына шешім қабылданады
Бұл тапсырыс берушілерге не үшін керек?
Өте жиі капча кедергі болатын бір затты жасау қажеттілігі туындайды. Мысалы, топтың жазылушыларына маңызды жаңалық туралы әкімшінің жеке хабарламасымен хабарлау немесе онлайн-жаппай сатуда бірнеше кроссовкаларды сатып алу немесе өз сайтыңыздың барлық сұраулары бойынша оның позициясын білу. Олар қажет болуының себептері өте көп болуы мүмкін.
Бұрын адамдар капчаны қолмен енгізіп өздерінің көп уақыттарын жұмсады, содан кейін адамдар «бүгін сен мен үшін жұмыс істейсін, ал мен сен үшін» қағидаты бойынша біріге бастады, ал содан кейін тез арада интернетте енді ғана ақша таба бастаған адамдарға шағын сыйақы төлеу арқылы олар (жұмыскерлер) өздерінің орнына (тапсырыс берушілердің) капчаны енгізуге дейін жетті. Осылайша тапсырыс берушілер мен жұмыскерлерді қамтитын антикапча сервисі пайда болды. 2captcha.com антикапча сервисі, біздің ойымызша, 2captcha әзірлеушілерінің жақсы командасының және 2captcha.com сервисінің қолдау командасының арқасында ең танымал сервис болып табылады.