Капчаларды айырып тану сервисі

Капчаларды айырып тану сервисі

Сервистің жұмыс істеу қағидаты
2captcha.com сервисі капчаларды айырып тануды автоматтандыруға арналған.
  Капчалардың барлығын адамдар, біздің жұмыскерлер айырып таниды, сол себепті 2captcha.com сервисі адам айырып тани алатын кез келген капчаны ажырата алады. Біздің сервис түгелімен автоматтандырылған, Сіз бір рет капчаны жіберу және жауап алу процесін теңшеп, сервис туралы ұмытасыз, тек кейде балансыңызды толтыруды естен шығармайсыз.
Айырып тану қалайша іске асады:
Сіз капчаны 2captcha.com/in.php жүктейсіз
Сервер капчаны сақтап, Сізге капчаның ID қайтарады
Сервер дереу капчаны жұмыскерге жібереді
Жұмыскер капчаны шешіп, серверге жауабын жібереді
Сіз бұған дейін берілген ID бойынша серверге жүгініп, жауапты аласыз
Сервис мүмкіншіліктері
Сервис айырып тануда адамдардың қол еңбегін пайдаланады, сол себепті адам айырып тани алатын кез келген капчаны ажырата алады. Әсіресе, сервисте тек мәтіндік капчалар ғана емес, графикалық капчалар да ажыратылатынын атап өту қажет. (ReCaptcha V2, Asirra, FunCaptcha және басқалар)
Капчаларды айырып тану бағасы
Айырып тану бағасы өте төмен, бір капча үшін $0,0005. Қолайлылық үшін бағалардың барлығы 1000 капчаны айырып тану үшін беріледі, бірақ жүйедегі биллинг әр капча бойынша өтеді. Капчалардың алуан түрі әр түрлі бағамен айырып танылады.

Қарапайым капчалар: 1000 шешім үшін $0.5 бастап $1 дейін.

Қарапайым капчалар - бұл мәтінді бейнеден көшіруді қажет ететіндер. Бағасы сервиске түсетін жүктемеге байланысты. Егер жүктеме кішігірім болса, бағасы төмен болады. Сервиске түсіретін жүктемесі неғұрлым жоғары болса, бағасы соғұрлым жоғары болады. Статистикада соңғы күндердегі әр сағатқа орташа бағаны білуге болады.

Үлкен капчалар, ReCaptcha v2 images: 1000 шешімдер үшін $1

Үлкен капчалар бұл биіктігі мен ені 400px асатындар. Олардың бағасы серверге түсетін жүктемеге қарамастан кез келген уақытта $1 құрайды. ReCaptcha v2 images - дұрыс шаршыны таңдауды қажет ететін рекапча суреттері.

ReCaptcha v2 token: 1000 шешімдер үшін $2.99

2captcha.com сервисіне жеңілдіктер
Бізде жеңілдіктер, промо-акциялар мен тарифтік жоспарлар болмайды. Сіз теңгеріміңізді 1 доллардан бастап кез келген сомаға толтырып, ықтимал тарифтердің ішіндегі ең төмендері бойынша жұмыс істейсіз. Бұл ретте Сіз жіберетін капчалардың саны: айына біреуі ме әлде күніне 100 000 ба, маңызды емес. Сервис барлық тапсырыс берушілермен бірыңғай қағидалар бойынша жұмыс жасайды.
Бірақ, егер Сіз бір ай ішінде күн сайын $2000 жұмсап, әлдебіреудің рефералы болмасаңыз және каталогымызда тіркелген софтты қолданбасаңыз, Сіз “Support” бөліміне хат жолдай аласыз, және біз Сіз үшін жеңілдік жасаймыз
Тез старт